«Еңбек заңнамасының сақталуы мәселелері бойынша «Георгиевский насос жабдықтары зауыты» ЖШС-не жұмыс сапары»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің қызметкерлері Абай облысының «Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің өкілдерімен бірлесіп, Қалбатау ауылында орналасқан «Георгиевский завод насосного оборудования» ЖШС-не жұмыс сапарымен барды.

Бару барысында кәсіпорын басшылығымен және жұмысшыларымен кездесу өткізіліп, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының сақталуы, еңбек қатынастарын рәсімдеу, еңбек шарттарын Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕБЖ) тіркеу, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы талаптарды сақтау мәселелері қаралды.

Кәсіпорын өкілдеріне еңбек саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, еңбек заңнамасы бұзушылықтарының алдын алу, қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау, сондай-ақ еңбек құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етудегі әлеуметтік әріптестік пен кәсіподақтармен өзара іс-қимылдың рөлі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/news/details/1261908?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version