ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР – ЕЛГЕ ҚАЛДЫРҒАН ӨШПЕС ӨНЕГЕ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Саналы ғұмырын мемлекет пен халық игілігіне арнап, өз саласының дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтарды ардақтау – ұрпаққа үлгі, еңбекке көрсетілген зор құрмет.
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жұмасұлтан Бердешов Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаевтың атынан бірқатар сала ардагерлерін марапаттады.
Қаржы және салық саласының дамуына көп жылғы адал еңбегі мен өлшеусіз үлесі үшін Тұрғанбаева Ұлбосын, әлеуметтік қорғау саласында 35 жыл бойы абыроймен қызмет атқарып, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында қажырлы еңбек еткен Ташенова Бибісара мен Ергеш Қарабайұлына аудан әкімінің Алғыс хаты табысталып, «Еңбек ардагері» төсбелгісі салтанатты түрде ұсынылды.
Бұл марапаттар – ұзақ жылғы тынымсыз еңбекке, кәсіби біліктілікке және туған елге деген адал қызметке берілген жоғары баға.
Еңбекпен елдің алғысына бөленген ардагерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1262153?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version