Жаңа Заңның 28-бабының 6-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес (GPA баллы 3,33-тен жоғары) оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар конкурс өткізілместен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналаса алады.
Ендігі кезекте жоғары оқу орнын мемлекеттік грант негізінде тәмамдаған түлектер ғана емес, ақылы негізде білім алған түлектер де конкурс өткізілместен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу мүмкіндігіне ие болды.
Қосымша ақпарат алу үшін Шардара ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөліміне келуге немесе төменде көрсетілген байланыс телефондары арқылы жауапты мамандарға хабарласуға болады.
Мекенжайы:
Түркістан облысы, Шардара ауданы, Төле би көшесі № 40.
Байланыс телефондары:
+7 775 921 2728 – Нуртазаев Даулет
+7 775 895 5321 – Мантубаев Нұрдәулет
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1262137?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау