«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 22 шілдеде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті ұйымдастырған мемлекеттік қызметке арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтарды мемлекеттік органдардағы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру және білікті мамандарды мемлекеттік қызметке тарту.
🔹 Жәрмеңке жұмысына Қостанай облысы Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің қызметкерлері В.Фрик және Султангазинова А. қатысты. Іс-шара барысында Әділет департаментінің өкілдері келушілерді қолда бар бос лауазымдармен таныстырып, әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасу тәртібін, кандидаттарға қойылатын талаптарды түсіндіріп, сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
🔹 Осындай іс-шараларды өткізу азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға, кадрлық әлеуетті қалыптастыруға және ашықтық, кәсібилік пен меритократия қағидаттарын іске асыруға ықпал етеді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1261835?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау