Өкілдік Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша Тергеу изоляторына қамауда ұсталатын адамдарды ұстау жағдайларымен, санитариялық-тұрмыстық нысандардың, медициналық блоктың, кездесулер өткізуге және серуендеуге арналған үй-жайлардың жай-күйімен, сондай-ақ медициналық қамтамасыз етуді, тамақтандыруды және материалдық-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастырумен танысу мақсатында мониторингтік сапар жүргізді.
Сапар барысында қамауда ұсталатын адамдардың құқықтарының сақталуына, медициналық көмектің қолжетімділігіне, ұстаудың санитариялық-гигиеналық жағдайларына, өтініштер мен шағымдар беруге құқықтың қамтамасыз етілуіне, сондай-ақ адвокаттармен кездесулердің құпиялылығының сақталуына ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-almaty/press/news/details/1261792?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау