Қосшы қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қосшы қаласында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және қаланың 5 жылдығына орай қала прокуратурасы мен қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Сарқырама өзенінің жағалау аумағын тазалау бойынша экологиялық акция өткізілді.

Акцияға прокуратура, қала әкімдігі және өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында өзеннің жағалау сызығы мен оған іргелес аумақ тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, қаланың көркеюі мен қоршаған ортаны қорғауға үлес қосылды.

Акцияның негізгі мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарау қағидатын дәріптеу және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға азаматтардың жауапкершілігін арттыру.

Қосшы қаласының прокуратурасы қала тұрғындары мен қонақтарын тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға шақырады.

 Ақмола облысының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1261966?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version