ҚР Әділет министрлігінде «Еуразиялық экономикалық одақ құқығын қолдану практикасы: заманауи сын-қатерлер мен даму үрдістері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараға Заңнама және құқықтық ақпарат институтының, Әділет министрлігінің қызметкерлері, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Спикерлердің бірі Еуразиялық экономикалық одақ Соты Төрағасының орынбасары Асқар Кішкембаев болды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақ құқығын қолданудың өзекті мәселелерін, ұлттық құқық пен ЕАЭО құқығының арақатынасын, ЕАЭО Сотының сот практикасының заманауи даму үрдістерін, сондай-ақ Одақ құқығын біркелкі түсіндіру мен қолдануды қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекеттік органдар мен ЕАЭО Соты арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін одан әрі жетілдірудің, сондай-ақ құқық қолдану практикасын дамыту мәселелері бойынша сарапшылық диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1262135?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version