САУРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлының Сауран ауданының тұрғындарымен кездесуі 2026 жылдың 5 тамызында, сағат 11:00-де өтетінін хабарлаймыз. Тұрғындармен кездесу Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өтеді. Облыс басшысының жеке қабылдауы сағат 12:00-де ауданы әкімдігінің ғимаратында өтеді.
Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу 8 (72533) 5-98-99, 5-93-97 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы 2026 жылғы 3 тамызға дейін сағат 09.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс: сағат 13.00 – 15.00) жүргізіледі.
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекенжайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.
Өтетін орны: Шорнақ ауылдық округі, М.Темірбаев №30.
Күні: 05 тамыз
Уақыты: 11:00

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1262051?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version