Семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалымен өзара іс-қимыл шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Техникалық регламенттер талаптарын бақылау бөлімі бірлескен семинар-кеңес өткізді.
   Департамент басшысының орынбасары Пивоваров Евгений Иванович семинардың негізгі мақсаты өнімдерді бақылау мақсатында сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының сауда желілерінде өткізілетін өнімдерге (тауарларға) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу барысында мамандардың кәсіби даярлығын арттыру және практикалық дағдыларын жетілдіру екенін атап өтті.
 «Өнім сынамаларын зерттеуге жолдау және зерттеу хаттамаларын ресімдеу кезіндегі жүйелі бұзушылықтар» тақырыбында Техникалық регламенттер талаптарын бақылау бөлімінің басшысы Қалқанбаева М.М. баяндама жасады.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының мамандары «Өнімді таңбалауға қойылатын талаптар» және «Өнімді техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігіне зерттеу кезіндегі микробиологиялық көрсеткіштер» тақырыптарында баяндама жасап, зертханалық бақылау мен өнімнің сәйкестігін бағалаудың өзекті мәселелерін жан-жақты түсіндірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1261870?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version