Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлының бастамасымен Шардара су қоймасы жағалауының туристік әлеуетін тиімді пайдалану, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру және заманауи демалыс инфрақұрылымын қалыптастыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда. Арман Романұлы экономиканы әртараптандыруға, жаңа мүмкіндіктерді іздеуге және халық игілігіне бағытталған нақты бастамаларының бірі – Шардара су қоймасы жағалауында заманауи туристік-демалыс кешенін салу жобасы болып табылады. Бұл бастама әкімнің өңірдің табиғи мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беруге бағытталған стратегиялық көзқарасын көрсетеді.
Жоба аясында жағалау аумағындағы жалпы көлемі 2 гектар жер учаскесіне халықаралық талаптарға сай келетін туристік кешен орналастыру жоспарлануда. Кешен құрамында келушілерге заман талабына сай, бірнеше қонақ үйлер, заманауи аквапарк, бассейн кешендері және қажетті сервистік нысандар қарастырылған.
Аталған жобаны жүзеге асыру барысында демалушылардың барлық жас ерекшеліктеріне қолайлы жағдай жасауға басымдық беріледі. Атап айтқанда, ересектерге арналған бассейндермен қатар, балалардың қауіпсіз демалысына арналған арнайы су ойын алаңдары ұйымдастырылып, аумақты абаттандыру, көгалдандыру, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізу жоспарлануда.
Қарсыбаев Арман Романұлының бұл бастамасы – ауданның туристік әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған көреген шешімдердің бірі. Аудан әкімі инвестиция тарту, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және халыққа қолайлы орта қалыптастыру мәселелеріне ерекше мән беріп келеді. Оның іскерлік ұстанымы, нақты нәтижеге бағытталған басқару тәсілі және өңірдің даму мүмкіндіктерін тиімді пайдалана білуі осындай ауқымды жобалардың жүзеге асуына негіз болып отыр.
Инвестициялық жобаның іске асуы нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылып, қызмет көрсету саласы дамып, жергілікті кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Сонымен қатар, Шардара су қоймасы жағалауы тұрғындар мен қонақтар үшін тартымды туристік орынға айналып, аудан экономикасының өсуіне қосымша серпін береді.
Қарсыбаев Арман Романұлының бастамашылдығы мен іскерлік қабілетінің нәтижесінде қолға алынған бұл жоба. Шардара ауданын заманауи туристік бағыттардың біріне айналдыруға, ішкі туризмді дамытуға және өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1262117?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау