Тарбағатай ауданында полицейлер тіркелмеген қаруды тәркіледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тарбағатай ауданында полицейлер тіркелмеген қаруды тәркіледі

«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Тарбағатай ауданының полиция қызметкерлері атыс қаруын заңсыз сақтау дерегін анықтады.

Тұғыл ауылының тұрғынын тексеру барысында полицейлер оның тұрғылықты жерінен тіркелмеген 12 калибрлі «ИЖ-43» маркалы тегіс ұңғылы аңшылық мылтығын анықтап, тәркіледі.

Аталған қарудың ер адамға қайтыс болған ағасынан мұра ретінде қалғаны белгілі болды. Алайда ол заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелмей, талаптарды бұза отырып сақталған.
Тәркіленген қару сақтауға өткізіліп, қазіргі уақытта қажетті процессуалдық шаралар жүргізілуде.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті азаматтық қару иелері заңнама талаптарына сәйкес оны тіркеу және сақтау ережелерін қатаң сақтауға міндетті екенін еске салады. Егер сізге қаруды, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды заңсыз сақтау фактілері белгілі болса, бұл туралы дереу полицияға хабарлауыңызды сұраймыз.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1261821?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version