«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында №2 Байғанин балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы сенбілікке белсене қатысып, ауыл аумағын тазарту және ретке келтіру жұмыстарын жүргізді.
Ұжым мүшелері айналаны қоқыстан тазартып, қоғамдық орындардың көркеюіне өз үлестерін қосты. Бұл – туған жерге деген жанашырлықтың, бірліктің және азаматтық жауапкершіліктің нақты көрінісі.
Таза ауыл – әрбір тұрғынның ортақ еңбегінің нәтижесі. Осындай игі бастамалар көбейіп, табиғатты аялау мәдениеті күнделікті өмір салтына айналса, туған өлкеміз одан әрі көркейе түседі.
Бірге таза Қазақстанды қалыптастырайық!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1262076?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау