Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 22 шілде күні Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысына облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов, облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов, облыс әкімінің орынбасары Қ.Қайыпбек, облыстық мәслихат депутаттары, тиісті басқарма басшылары қатысты.

Комиссиялардың бірлескен отырысының алдында облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов маусым айында өткен сессияда қабылданған шешімге сәйкес облыстың қоғамдық өміріне белсене қатысқан азаматтарға облыстың Құрмет грамотасын табыстады.  Атап айтқанда, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Рысбеков, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Б.Раманқұлов, облыстық мәслихат депутаттары Б.Басымбек, Қ.Салыбек, Ж.Туламетов, Е.Үсентаев  наградталды.

Бірлескен отырыс жұмысын бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы М.Тұрысбеков  жүргізді.

Күн тәртібінде «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №20/268-VІII шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.

Аталған мәселе бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жаппар Күмісбек Еркінбекұлы баяндама жасады. Депутаттар өз ұсыныстарын білдіріп, тиісті шешім қабылдады.

Күн тәртібіндегі мәселеден кейін депутаттар  мәслихаттың жұмыс жоспары бойынша мәселелерді пысықтады. Өз кезегінде, мәслихат төрағасы Н.Әбішов халық қалаулыларының облыс тұрғындарымен өтетін кездесулеріне қатысты ұйымдастырушылық мәселелерді түсіндіріп өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan/press/news/details/1262151?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version