Тұмалыкөл елді мекенінде ауыл әкімі мен Қаратоғай өрт сөндіру бекетінің қызметкері бірлесіп, шөп шабу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Смағұл», «Жан» және «Нұрзаман» шаруа қожалықтарына барып, шөпшілермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауыл әкімі шөптің шығымына қатысты шаруалардың жағдайымен танысып, еңбек барысы туралы пікір алмасты. Сондай-ақ, ең алдымен ауыл тұрғындарын қысқы мал азығымен қамтамасыз етуге басымдық беру қажеттігін атап өтті.
Өз кезегінде Қаратоғай өрт сөндіру бекетінің қызметкері шөп шабу және престеу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау керектігін түсіндірді. Әсіресе, дала жұмыстарында пайдаланылатын тракторлар мен басқа да техникалардың өрт сөндіру құралдарымен толық жабдықталуы, жарамды өрт сөндіргіштің, күрек пен басқа да қажетті құралдардың болуы міндетті екендігі ескертілді.
Мұндай түсіндіру жұмыстарының басты мақсаты – егін және шөп жинау науқаны кезінде өрттің алдын алып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shetyrkyz/press/news/details/1261768?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау