Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Жуалы ауданының активімен және тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Жуалы ауданының активімен және тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық аясында 2026 жылғы 22 шілдеде аудан әкімдігінің мәжіліс залында сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған кездесу өтті.

Кездесуге Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С. Айдапкелов, комиссия мүшесі Е. Жапаров, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Б. Кеңесбек, аудан әкімі Ж. Мұртаза, аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен мамандары, құқық қорғау және өзге де құзырлы органдардың басшылары, аудандық мәслихаттың төрағасы мен депутаттары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, жергілікті қауымдастықтың төрағасы, аудандық саяси партиялар филиалдарының және үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары мен өкілдері, сайлау комиссияларының мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Жас сайлаушылар клубының мүшелері және жұмысшы жастар қатысты.

Кездесу барысында Серғали Айдапкелов Қазақстан Республикасының жаңа қабылданған Конституциясы аясында жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың негізгі бағыттарына тоқталды.

Атап айтқанда, ол Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық мәртебесі, Президентті жеті жылдық мерзімге бір рет сайлау қағидаты және Мемлекет басшысының елдің ішкі және сыртқы саясатын айқындаудағы рөлі туралы түсіндірді.

Сонымен қатар, алғаш рет енгізілген Вице-Президент институтының құқықтық мәртебесіне тоқталып, Вице-Президенттің Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіретіні және Президенттің өкілдік функцияларын жүзеге асыратыны жөнінде айтты.

Сондай-ақ, Құрылтайдың құрылуы, оның заң шығару өкілеттіктері, Құрылтай депутаттарын пропорционалды сайлау жүйесі бойынша партиялық тізімдер арқылы сайлау тәртібі және Құрылтайдың мемлекеттік басқару жүйесіндегі орны туралы кеңінен түсіндірме берді.

Бұдан бөлек, Қазақстан Халық Кеңесінің құрылу мақсаты мен қызметіне тоқталып, оның қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты дамытуға және азаматтардың мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған консультативтік орган екенін атап өтті.

Кездесу барысында Конституция негізінде қабылданған сайлау заңнамасындағы өзгерістер, Құрылтай депутаттарын сайлаудың ерекшеліктері, сайлау комиссияларының өкілеттіктері және сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету тетіктері жан-жақты түсіндірілді.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы сайлаушыларды сайлау процесін ұйымдастыру мен өткізуге қатысты заңдар және өзге де нормативтік құқықтық актілер туралы ақпараттандыру жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер және сайлау комиссияларының ресми интернет-ресурстары арқылы тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Кездесу барысында қатысушылар заңнамалық жаңашылдықтардың практикалық маңызы жөнінде пікір алмасып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Қойылған барлық сұрақтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты түсіндірме беріліп, құқықтық нормаларды қолдану тәртібі нақтыланды.

Кездесу соңында С. Айдапкелов жаңа заңнаманы түсіндіру және алдағы Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысты халықты ақпараттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy/press/news/details/1262185?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version