Жылыой ауданында үш жақты комиссия отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
          Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Г.Айшуақованың төрағалығымен және Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің мемлекеттік еңбек инспекторы С. Убигалиеваның, комиссия мүшелері мен шықырылған ұйымдардың «ECOBUS Services» , «Bright Catering», «Кәсіби таңдау», «Бисенгали кран», «Интертаско» ЖШС-нің өкілдерінің қатысуымен аудандық үш жақты комиссия отырысы өтті.
        Күн тәртібінде: Мекемедегі еңбек қатынастарының жағдайы, мекемедегі ұжымдық шарттың жасақталуы, еңбек заңнамасы талаптарының сақталуы, мекемедегі жұмыспен қамту мәселелері, мііндетті әлеуметтік, зейнетақы және медициналық төлемдердің уақытылы аударылуы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» және «Еңбек жолы» республикалық конкурстарына қатысушылардың өтінімдерін қарау, ұсынылған үміткерлер мен кәсіпорындардың қызмет нәтижелері мен мүмкіндіктерін сипаттайтын өлшемдер бойынша қорытынды шешім шығару туралы қаралды.
        Комиссия мүшелері аудандағы кәсіпорындарда еңбек құқықтарының қорғалуы бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды талқылап, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдын алу шараларын күшейту бойынша нақты ұсыныстар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1262157?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version