Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, жазғы демалыс кезінде еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша жұмыс берушілерге, кәмелетке толмаған азаматтарға және олардың заңды өкілдеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Бірлескен жұмыс еңбек заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға және кәмелетке толмаған азаматтардың еңбек құқықтарын тиісінше қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ететіні сөзсіз.
Бұл бағыттағы жұмыстар Департамент тарапынан алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау