2026 жылғы 23 шілде күні Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған «Адам саудасы – ауыр қылмыс» акциясы аясында Макеевка ауылдық округі әкімдігі тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында тұрғындарға адам саудасының алдын алу, оның белгілері мен қауіп-қатерлері, сондай-ақ көмекке жүгіну жолдары туралы ақпарат қамтылған жадынамалар, буклеттер және ақпараттық парақшалар таратылды.
Адам саудасы – адам құқықтары мен бостандықтарына қауіп төндіретін ауыр қылмыс. Әрбір азаматтың құқықтық сауаттылығын арттыру – осындай қылмыстардың алдын алудың маңызды қадамы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-atbasar-makeev/press/news/details/1262690?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау