Әйтеке би ауданында еңбек заңнамасының өзекті мәселелері бойынша жұмыс берушілермен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Еңбек жане халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінін Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілдері – еңбек саласын бақылау жене талдау бөлімінің басшысы Касенова Анара Бауржановна, аталған бөлімнің бас маманы Есалиева Лейла Бурабековна, ауылдық округінің әкімінің орынбасары Байсагизов Руслан Серикбаевич жене аудан жұмыс берушілерінің қатысуымен жиын өтті.
Жиналыс барысында еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕСУТД) мәліметтерді еңгізу тәртібі, ЕСУТД жуйесінде еңбек шарттары мен міндетті зейнетақы жарналарының (М3Ж) болмауына байланысты анықталған сәйкессіздіктер, ұжымдық шартты жасау жене қолданыстағы ұжымдык шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі, сондай-ақ квота талаптарының, орындалу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар балалардын еңбек құқықтарын сақтау, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, Қазақстан Республикасы Еңбек жене халықты әлеуметтік қорғау министрінің жоспарларын орындау. сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша
түсіндірме жұмыстары жүргізіліп қатысушылардың қойған сұрақтарына толық жауаптар ұсынылды. Қызмет көрсету аймағының кеңеюі және уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқару (алмастыру)кезінде еңбекке ақы төлеу және Қоса атқарылатын жұмыс – жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы туралы сұрақтар талқыланды. Кездесу соңы жеке қабылдаумен жалғасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1262450?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version