Әлеуметтік қызметтердің сапасының кепілі – лицензиялау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 23 шілдеде Астана қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті басшысының орынбасары Л. Сартымбетова, «Астана қаласының коммуникациялар қызметі» КММ баспасөз орталығы алаңында тікелей эфирде өткен брифингке қатысты.

Брифингтің тақырыбы: «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау азаматтарға көрсетілетін көмектің сапасын қалай арттырады».

Іс-шара барысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ оның әлеуметтік қызметтердің сапасын, қауіпсіздігін және қолжетімділігін арттырудағы маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар, қызмет көрсетуші ұйымдарға қойылатын талаптар, арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылардың құқықтарын қорғау және осы саладағы мемлекеттік бақылауды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Брифинг барысында мүгедектікті белгілеу, қажетті әлеуметтік қорғау шараларын ұсыну, медициналық-әлеуметтік сараптама саласында жүргізіліп жатқан реформаларды іске асыру және процестерді одан әрі цифрландыру мәселелері де қарастырылды.

Сонымен қатар, жеке көмекші қызметін көрсету саласындағы жаңашылдықтарға, оның ішінде қызмет алушы, жеке көмекші және уәкілетті орган арасындағы үшжақты шартты енгізуге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің ашықтығын, сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған қызметтерді төлеудің жаңа тетігі түсіндірілді.

Брифинг соңында департамент басшысының орынбасары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап беріп, лицензиялау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін одан әрі жетілдірудің өзекті мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірмелер берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-astana/press/news/details/1262495?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version