Алакөлде рейд жүргізілді: 9 әкімшілік хаттама толтырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алакөлде рейд жүргізілді: 9 әкімшілік хаттама толтырылды

2026 жылғы 22 шілдеде Достық көлік прокуратурасының үйлестіруімен, Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және полиция қызметкерлері Алакөл көлінде шағын көлемді кемелерді пайдалану қауіпсіздігін бақылау мақсатында бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізді.

Рейд қорытындысы бойынша барлығы 9 әкімшілік хаттама толтырылып, 149 212,5 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Анықталған құқық бұзушылықтар қатарында шағын көлемді кемені кеме билетінсіз немесе өзге де міндетті құжаттарсыз пайдалану, басқару құқығынсыз басқару, құтқару кеудешелерін кимей жүзу, сондай-ақ су көлігін пайдалану қағидаларын бұзудың өзге де фактілері бар.
Сонымен қатар, рейд барысында мас күйінде гидроцикл басқарған демалушы анықталды. Аталған дерек бойынша гидроцикл иесі мен оны басқарған азамат процессуалдық шешім қабылдау үшін Алакөл аудандық полиция бөліміне тапсырылды.
Төтенше жағдайлар департаменті демалушыларды судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын орындауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1262604?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version