Алматы қаласында жаңа оқу жылына мектептердің дайындығына мониторинг жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңа 2026–2027 оқу жылына білім беру ұйымдарының дайындығына жүргізіліп жатқан мониторинг шеңберінде Алматы қаласы Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Өмірсерік Өтегенұлы Д. Снегин атындағы №30 мектеп-гимназиясында болып, реконструкция жұмыстарының барысымен танысты.

Мониторинг кезінде құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалу барысы, олардың сапасы, жобаны іске асыру кестесінің сақталуы және нысанды белгіленген мерзімде пайдалануға беру бойынша дайындық деңгейі зерделенді.

Қазіргі уақытта мердігер ұйым – «КазЕвроСтрой» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарының негізгі бөлігін аяқтады. Мониторинг кезінде реконструкция жұмыстарының бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқаны анықталды.

Жобаның уақытылы аяқталып, білім беру нысанының пайдалануға берілуі оқушылар үшін қауіпсіз, заманауи және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control/press/news/details/1262770?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version