Алтай ауданының Қоғамдық кеңес мүшелері аудан мәслихатының депутаттарымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия мүшелерімен бірлесіп, қаланың батыс бөлігінде, шіркеу маңында аялдама павильонының ұйымдастырылуына жәрдем көрсету туралы Алтай қаласы тұрғынының өтінішін қарастырды.
Талқылауға «Алтай ауданының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Қ.А. Жуанганов, Алтай қаласының әкімі С.В. Охременко, Алтай ауданы полиция бөлімінің аға мемлекеттік инспекторы Ф. Кенжібеков және жолаушылар тасымалдаушылардың өкілдері қатысты.
Бірлесіп талқылау қорытындысы бойынша, Алтай ауданының әкімі Р.Т. Құрманбаевтың депутаттық сұранысқа берген жауабын ескере отырып, күрделі аялдама алаңы жасалғанға дейін аталған ауданда қоғамдық көліктің «талап бойынша» уақытша аялдамасын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар, кеңес қорытындысы бойынша хаттамадан үзінді әрі қарайғы жұмыстарды ұйымдастыру және қабылданған шешімді іске асыру үшін тиісті мемлекеттік органдар мен мүдделі инстанцияларға жіберіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1262336?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау