Алтай ауданының Қоғамдық кеңесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының кезекті бірлес отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алтай ауданының Қоғамдық кеңесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының кезекті бірлес отырысы өтті.

Отырыс барысында жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметіне, әлеуметтік саланың дамуына және бұрын берілген ұсынымдардың орындалуына қатысты мәселелер қаралды.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі «Алтай ауданы бойынша агитациялық баспа материалдарын орналастыру орындарын айқындау туралы» Алтай ауданы әкімдігінің қаулы жобасын қарау болды. Талқылау қорытындысы бойынша жоба осы редакцияда бекітілді.

Отырысқа қатысушылардың басты назары Алтай ауданы халқына көрсетілетін медициналық қызметті жетілдіру мәселелеріне аударылды.

Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері МРТ ғимаратының жұмысына, оның пайдалануға дайындығына, жабдықталуына және кадрлық қамтамасыз етілуіне қатысты сұрақтар қойды. Сонымен қатар, 65 жастан асқан жүргізушілердің кемінде екі жылда бір рет міндетті түрде медициналық қарап-тексеруден өтуін көздейтін, күшіне енген заңнама талаптары туралы мәселе көтерілді.

«Алтай ауданындағы туризмді дамыту туралы» мәселе толық ақпарат ұсыну қажеттілігіне байланысты күн тәртібінен алынды. Оны қарау келесі отырыстардың бірінде жалғасады.

Отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды, олардың орындалуы Қоғамдық кеңестің бақылауында қалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1262308?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version