Апта басынан бері Қостанай облысында жол-көлік оқиғаларынан бес адам қаза тапты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Апта басынан бері Қостанай облысында жол-көлік оқиғаларынан бес адам қаза тапты

Апта басынан бері Қостанай облысының аумағында 16 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 5 адам қаза тауып, 22 адам түрлі дене жарақатын алды.

Қайғылы жол-көлік оқиғаларының бірі 22 шілде күні сағат 04:30 шамасында республикалық маңызы бар Қостанай – Қарабұтақ автожолында орын алды. Chevrolet Cobalt және Jetour X70 автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1991 жылы туған Chevrolet автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар, Jetour X70 автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы, сондай-ақ Chevrolet автокөлігінің бір жолаушысы түрлі дене жарақатын алды.

Аталған факті бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тағы бір адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы Қостанай – Қарабұтақ автожолының Бейімбет Майлин ауданы Тобыл ауылы маңында Kia Sorento және DAF автокөліктерінің қатысуымен болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Kia Sorento автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиғаның барлық себептері мен мән-жайы анықталуда.

Өліммен аяқталған тағы бір жол-көлік оқиғасы Қостанай – Рудный автожолында тіркелді.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, BMW автокөлігінің жүргізушісі Рудный қаласы бағытына қарай келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай, электр беру желісінің бетон тірегіне соқтығысқан. Жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Соқтығысудан кейін автокөлік өртеніп кеткен.

Бұл дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, барлық тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қостанай облысы полиция департаменті барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жылдамдық режимін сақтап, жол және ауа райы жағдайларын ескеріңіздер, қауіпті маневрлер жасамаңыздар және шаршаған күйде көлік тізгініне отырмаңыздар. Жолдағы бір ғана қателік орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Өз өмірлеріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігін сақтаңыздар.

 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kostanay/press/news/details/1262751?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version