Ақтауда «Аулада қабылдау» акциясы аясында тұрғындармен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласында «Аулада қабылдау» республикалық акциясы аясында қалалық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары тұрғындармен кездесу өткізіп, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Іс-шараның мақсаты – полиция мен халық арасындағы өзара байланысты нығайту, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу. Кездесу барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, интернет-алаяқтықтың алдын алу, тұрмыстық құқық бұзушылықтардың профилактикасы, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтарды толғандырған өзге де құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауап алып, учаскелік полиция инспекторларынан қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құқықтық кеңес алды. Сонымен қатар азаматтарға қоғамдық тәртіпті сақтау, күмәнді жағдайлар туралы полицияға дер кезінде хабарлау және қауіпсіз орта қалыптастырудағы тұрғындардың ортақ жауапкершілігінің маңыздылығы түсіндірілді.

Мұндай кездесулер полиция мен қоғам арасындағы ашық әрі сындарлы диалогты дамытуға, тұрғындардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады.

https://www.instagram.com/reel/DbFIqDdq8aE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1262390?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version