Ағымдағы жылғы 23 шілдеде Департаменттің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы А. Сәлімгерейқызы Атырау облысының білім беру басқармасының «Қазақстан Геологы» емдеу пансионаты» КҚМК қарасты Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылындағы «Жас өркен» жазғы сауықтыру лагері басшылығымен сауықтыру лагерлерін лицензиялау бойынша ақпараттық кеңес өткізді.
Кеңес барысында лицензиялау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерге басты назар аударылды. (ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің №483 “Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру” мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы; №473 “Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, рухани білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы”; №224 “Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы”; №385 “Үлгілік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларын”; №50 “Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы”).
Кеңес қорытындысында сауықтыру лагеріне ескертулер мен бірқатар ұсыныстар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-atyrau/press/news/details/1262801?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау