АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Жеке қабылдау барысында тұрғындар табиғи газбен қамту, ауылішілік жолдардың жай-күйі, интернет байланысының сапасы, әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер учаскесін алу, ауыл шаруашылығына жеңілдетілген несие рәсімдеу, мектептердегі ыстық тамақтың ұйымдастырылуы, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, көпір құрылысы және инфрақұрылым мәселелерін көтерді.
Аудан әкімі әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, мәселелер бойынша заңнама талаптарына сәйкес түсініктеме берді. Сонымен қатар, жауапты бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеп, заң аясында шешу және белгіленген мерзімде нақты нәтиже шығару жөнінде тапсырмалар берді.
Азаматтардың жеке қабылдау барысында көтерген барлық мәселелерінің орындалуы аудан әкімінің жеке бақылауына алынды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1262881?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version