Ауданда еңбек заңнамасының өзекті мәселелері бойынша жұмыс берушілермен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауданда еңбек заңнамасының өзекті мәселелері бойынша жұмыс берушілермен кездесу өтті.

🔰Ағымдағы жылдың 16 шілде күні Әйтеке би ауданында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің еңбек саласын бақылау және талдау бөлімінің басшысы Касенова Анара Бауржановна және аталған бөлімнің бас маманы Есалиева Лейла Бурабековнаның қатысуымен аудандағы жұмыс берушілермен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында:
🔸Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕСУТД) мәліметтерді енгізу тәртібі;
🔸Кәсіпорын бойынша ЕСУТД жүйесінде еңбек шарттарының және міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) болмауына байланысты сәйкессіздіктер;
🔸Ұжымдық шартты жасау тәртібі, қолданыстағы ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі;
🔸 Квота талаптарының орындалуы
🔸 Қызмет көрсету аймағының кеңеюі және уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқару (алмастыру)кезінде еңбекке ақы төлеу мәселесі
🔸 Қоса атқарылатын жұмыс – жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы және еңбек қатынастарына қатысты мәселелер қаралды.
♻️Бұдан бөлек, қатысушыларға балалардың еңбек құқықтарын қорғау, жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, еңбек заңнамасын сақтау және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістерді қолдану тәртібі бойынша жан-жақты ақпарат берілді.
Жиын соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, еңбек заңнамасын сақтау және еңбек қатынастарын заң талаптарына сәйкес ұйымдастыру жөнінде нақты түсіндірмелер берілді. Кездесу соңында азаматтармен жеке қабылдау өткізілді. на русс

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1262388?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version