Азия чемпиондары — Жетісу полициясының мақтанышы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 13–19 шілде аралығында Алматы қаласында өткен Ju-jitsu спортынан Азия чемпионатында Қазақстанның намысын абыроймен қорғап, елге жарқын жеңіспен оралды.

Жарыс қорытындысы бойынша үш бірдей полиция қызметкері чемпион атанды:

* Қуандық Есенеев (94 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) — І орын;
* Дәурен Ауданбаев (94 келіден жоғары салмақ дәрежесі) — І орын;
* Шерхан Жақсылық (85 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) — І орын.

Азия чемпиондарын Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Мадияр Омаров құттықтап, олардың жоғары дайындық деңгейін, қайсарлығы мен халықаралық аренада ведомствоның абыройын асқақтата білгенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ спортшылардың жетістігі бүкіл полиция ұжымы үшін зор мақтаныш екенін жеткізді.

Полиция қызметкерлерінің бұл жеңістері ішкі істер органдары өкілдерінің азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, спортта да жоғары жетістіктерге жетіп, Жетісу облысы мен Қазақстан Республикасының абыройын халықаралық деңгейде лайықты қорғап жүргенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1262670?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version