Басқарма басшысы Шу ауданында жұмыс сапарымен болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Байболат Ерлан Бейсенұлы жұмыс сапарымен Шу ауданына барып, азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқанының ұйымдастырылу барысымен танысты.

Жұмыс сапары барысында Байболат Ерлан Бейсенұлының төрағалығымен, Шу ауданы әкімінің орынбасары Найман Кенжеханұлы Сұлтанбаевтың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Жиында әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру, азаматтарды медициналық тексеруден өткізу, шақыру жұмыстарының сапасын арттыру және осы бағыттағы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.

Кеңестен кейін басқарма басшысы аудандағы әскерге шақыру пунктінің жағдайымен танысты. Сапар барысында шақыру пунктінің материалдық-техникалық базасы, медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілу деңгейі және азаматтарды әскерге шақыру жұмыстарының ұйымдастырылуы зерделенді.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын жетілдіру, әскери-патриоттық тәрбиені күшейту және облыс әкімімен бекітілген Жол картаның орындалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1262768?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version