Бейнеуде заңсыз жарқылдақ маягын пайдаланған жүргізуші жауапқа тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 19 шілде күні сағат 21:20 шамасында WhatsApp мессенджеріне жүргізілген мониторинг барысында Бейнеу ауылының Шахан көшесі бойында Nexia маркалы автокөлікке заңсыз жарқылдақ маягы бар жарық аспабы орнатылғаны анықталды.

Аталған құқық бұзушылық бойынша жүргізушіге Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 603-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, жол қозғалысына қатысушыларға қатысты анықталған өзге де құқық бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 1-бөлігі және 615-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды.

Полиция департаменті жүргізушілерге арнайы жарық және дыбыс сигналдарын заңсыз пайдалануға жол берілмейтінін ескертеді. Мұндай әрекеттер жол қозғалысының басқа қатысушыларын жаңылыстырып, жол-көлік оқиғаларының туындауына себеп болуы мүмкін.

Полиция қызметкерлері барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік құралдарын пайдалану кезінде заң талаптарын бұзбауға және жолдағы қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1262756?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version