Биыл шығыста 630 шақырым жол жөнделеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биыл ШҚО-да 630 шақырым жолды жөндеу көзделген. Бастаманы іске асыру үшіг 57 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Оның 37 млрд. жуығы республикалық, 20 млрд. теңгесі жергілікті маңызы бар жолдарға бағытталған.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет Сұлтанов мәлімдеді.

Өңірде ірі инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі – Өскемендегі Сәтпаев даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысындағы көлік айрығы. Нысан құрылысы белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде.

 Бұдан бөлек, Пермитин-Славский көшелеріндегі жолайрықтың құрылысы, Бобровка ауылындағы инфрақұрылымды жаңғырту, Күршім ауылының айналма жолын салу және Ақ Берел өзені арқылы өтетін көпірді жөндеу жұмысы жалғасуда. Ал, Шемонаихадағы Үбі өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңғырту жобасы әзірленіп, мердігер анықталды. Өскеменде жаңа көпірдің жобасы әзірленіп жатыр.

Дереккөз: ШҚО ӨКҚ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1262507?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version