Бүгінде алаяқтар өзге адамдардың банк шоттары мен карталарын заңсыз ақша аударымдары үшін пайдалануға тырысады. Кейбір азаматтар өз шоттарын сыйақы үшін беріп, қылмыстық схемалардың қатысушысына айналуы мүмкін.
Алайда «картаңды беріп, ақша тап» деген ұсыныс оңай табыс емес, қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Құқық қорғау органдары азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұсыныстарға келіспеуге шақырады.
Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Өз шотыңды қылмыскерлерге берме!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1262697?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау