Елімізде жазғы туристік маусым қарқын алып келеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Туристердің жайлы әрі қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету үшін мемлекет туристік инфрақұрылымды дамытуда ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр.

Алакөлде көлік жолдары жаңартылып, қосымша теміржол және әуе рейстері ашылды. Жағалау бойына 100 қоқыс контейнері, 40 киім ауыстыру кабинасы, жаңа құтқару мұнаралары мен биодәретханалар орнатылып, пирс жабдықталды. Сондай-ақ жаңа құтқару станциясы пайдалануға берілді.

Абай облысы жағалауында құтқару станциясы, медициналық пункттер және қауіпсіздікті қамтамасыз ету кешені жұмыс істейді. Демалушыларға қолайлы жағдай жасау үшін 175 қоқыс контейнері, 75 киім ауыстыру орны, 35 душ кабинасы, 223 бейнебақылау камерасы, санитариялық тораптар және құтқару инфрақұрылымы қарастырылған.

Балқашта әуежай жаңғыртылып, субсидияланатын әуе рейстері ашылды. Коммуналдық жағажайлар абаттандырылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Ал Бурабайда жаңа құтқару станциялары салынып, қосымша қоқыс жәшіктері, контейнерлер мен санитариялық тораптар орнатылып жатыр.

Алайда ең заманауи инфрақұрылымның өзі табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті алмастыра алмайды. Демалыс орындарының тазалығы ең алдымен әрбір келушінің мәдениеті мен табиғатқа деген жанашырлығына байланысты.

Қоқысты арнайы контейнерлерге тастап, тазалықты сақтаңыз! Осындай қарапайым қағидаларды ұстану арқылы көлдерімізді, тауларымызды және ұлттық парктерімізді келешек ұрпақ пен миллиондаған турист үшін таза әрі көркем күйінде сақтай аламыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1262879?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version