Астана, 2026 жылғы 23 шілде — Астанада Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Алтынбек Рысбековпен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, электр энергетикасы саласындағы өзара іс-қимылға, сондай-ақ өңірлік су-энергетикалық ынтымақтастық шеңберіндегі үйлестіруді одан әрі нығайтуға ерекше назар аударды.
Министрлер электр энергиясын жеткізу және транзиттеу, энергетикалық жүйелердің жұмыс режимдерін үйлестіру, сондай-ақ бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру аясындағы өзара іс-қимылды жалғастыру мәселелерін де жан-жақты қарастырды. Қазақстан энергетикалық жүйелердің сенімді жұмысын қамтамасыз ету және өңірлік энергетикалық әріптестікті нығайту бағытында қырғыз тарапымен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растады.
«Қазақстан энергетика саласында Қырғызстанның дәстүрлі әрі сенімді серіктесі болып қала береді. Біз өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз және екі елдің мүдделерін ескеретін, ішкі нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз ететін әрі өңірлік энергетикалық әріптестікті одан әрі дамытуға жағдай жасайтын бірлескен шешімдерді дәйекті түрде ілгерілетуге дайынбыз», — деді Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.
Кездесу қорытындысы бойынша министрлер энергетика саласындағы күн тәртібінің негізгі бағыттары бойынша белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1262672?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау