Ескелді ауылдық кітапханасында «Заң мен тәртіп» және «Адалдық алаңы» жобалары аясында «Сыбайлас жемқорлық және қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру.
Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның алдын алу жолдары және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жауапкершілік түрлері талқыланды. Қатысушылар сыбайлас жемқорлықпен күрес ең алдымен әр адамның адалдығы мен саналы ұстанымынан басталатынын атап өтті.
Сонымен қатар, пара беру, пара алу және парақорлыққа делдал болу үшін көзделген әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік мәселелері қарастырылып, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті. Олар сыбайлас жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін айтты.
Шара барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зардаптары туралы қысқаша әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/1262353?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау