Ескелді ауылдық округінде абаттандыру қағидаларын түсіндіру бойынша рейд өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🌿 2026 жылғы 13 шілде күні Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 3 маусымдағы №282 бұйрығымен бекітілген «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидалары» талаптарын түсіндіру және олардың сақталуын бақылау мақсатында Қаратал ауданы Ескелді ауылдық округінің аумағында рейдтік іс-шара өткізілді.

🏡 Рейд барысында тұрғындар мен кәсіпкерлік нысандарының иелеріне іргелес аумақтарды таза ұстау, тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару, арамшөптерді тұрақты түрде шабу және санитариялық тазалықты сақтау талаптары түсіндірілді.

📌 Естеріңізге саламыз, әрбір меншік иесі немесе жер пайдаланушысы өзіне тиесілі объектінің айналасындағы іргелес аумақтың тазалығын қамтамасыз етуге міндетті.

⚠️ Белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

✨ Ауылымыздың тазалығы мен көркеюі – баршамыздың ортақ міндетіміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/1262293?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version