Жаз мезгілінде судағы жазатайым оқиғалардың қаупі артады. Ішкі істер министрлігі баршаңызды қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шомылу тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда жүзеге асырылуы тиіс. Мас күйде суға түсуге, бейтаныс жерлерде сүңгуге және өз күшіңіз бен мүмкіндіктеріңізді асыра бағалауға болмайды. Балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдыруға жол берілмейді. Тіпті бала жүзе білсе де, ересектердің тұрақты бақылауы қажет. Қайғылы оқиға санаулы секунд ішінде болуы әбден мүмкін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1262270?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау