ИНТЕРНЕТ КАБЕЛЬДЕРІ НЕ СЕБЕПТІ ДЕМОНТАЖДАЛЫП ЖАТЫР?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласының кейбір көшелерінде интернет кабельдерінің демонтаждалуына қатысты тұрғындардың шағымдары жариялануда.

 Бұл жұмыстар инженерлік және қауіпсіздік талаптарын сақтамай орналастырылған кабель желілерін ретке келтіру мақсатында жүргізіліп жатыр.

 Өткен жылы жүргізілген тексеру барысында сыртқы жарықтандыру тіректеріне интернет-провайдерлердің кабель желілерін заңсыз орналастыру фактілері анықталды. Мұндай кабельдер тұрғындардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ олардың мүлкіне қауіп төндіріп, апаттық жағдайлардың туындау қаупін арттырады.

 Осыған байланысты интернет-провайдерлерге заңсыз орналастырылған кабель желілерін өз күшімен алып тастау жөнінде бірнеше рет ескерту беріліп, оларды баламалы инфрақұрылымға көшіру жолдары ұсынылды. Заңсыз орналастырылған кабельдерді демонтаждау қажеттігі туралы ресми хабарламалар 2025 жылғы қараша айында жолданып, талаптарды орындауға жеткілікті уақыт берілді.

 Осы мерзім ішінде бірқатар провайдерлер талаптарды сақтап, кабель желілерін өз еркімен демонтаждады. Алайда кейбір байланыс операторлары ескерту мерзімі аяқталғанына қарамастан, талаптарды бүгінгі күнге дейін орындамаған. Сондықтан заңсыз орналастырылған кабель желілері қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы орган тарапынан мәжбүрлі түрде демонтаждалып жатыр.

 Бұл жұмыстар тұрғындарды интернеттен ажырату мақсатында емес, заңсыз орналастырылған және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін кабель желілерін ретке келтіру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1262237?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version