Түркістан облысында өткен дәстүрлі «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі өз мәресіне жетіп, қорытындысы бойынша Келес ауданы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Облыстың 17 аудан-қаласы қатысқан мәдени додада келестік өнерпаздар ұлттық өнер мен мәдениеттің үздік үлгілерін ұсынып, жоғары бағаланды.
Фестиваль аясында Келес ауданының ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласындағы жетістіктері, қолөнер шеберлерінің туындылары мен жергілікті өнімдер қойылған көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ аудан өнерпаздары ән мен күй, ұлттық би және театрландырылған қойылымдар арқылы көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, қазақтың салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын кеңінен насихаттады.
Қорытындысында Келес ауданының мәдени әлеуеті мен өнерпаздарының шығармашылығы әділқазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, аудан жүлделі ІІІ орынмен марапатталды. Бұл жетістік – ауданның мәдениет саласы қызметкерлері мен өнерпаздарының қажырлы еңбегінің және ұлттық өнерді дәріптеу жолындағы ізденістерінің жемісі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1262328?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау