КЕЛЕСТЕ ӨНДІРІСТІК ПАРКТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте өндірістік парктердің құрылысы мен инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы қаралды.
Қазіргі таңда Абай ауылында бөлінген 7 гектар аумақта бес өндірістік парк салынып жатыр. Мұнда тұрмыстық сабын өндіру, пластик қалдықтарын қайта өңдеу, медициналық қалдықтарды өңдеу және қойма құрылысы бағытындағы кәсіпорындар бой көтеруде.
Өндірістік аймақ қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, жоғары кернеулі электр желісі тартылып, трансформатор орнатылған. Алдағы кезеңде Ақтөбе және Қошқарата ауылдық округтерінде де өндірістік парктер ашу жоспарланып отыр.
Мәжіліс барысында аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтап, инвестициялық жобаларды уақытылы іске қосуды тапсырды. Оның айтуынша, жаңа өндіріс орындары аудан экономикасын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және кәсіпкерлікті қолдауға оң әсерін тигізеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1262339?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version