КЕЛЕСТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасының орындалу барысы талқыланды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Алмас Абдуллаевтың мәліметінше, жыл басынан бері аудан көлемінде ұйымдастырылған сенбіліктерге 6 мыңға жуық тұрғын мен 26 арнайы техника жұмылдырылған. Нәтижесінде 510 көше тазаланып, 195 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды. Санитарлық талаптарды бұзған азаматтарға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, тиісті шаралар қабылданған.
Сонымен қатар жиында ЕРАП жүйесіне қайта тіркелу жұмыстарының кейбір ауылдық округтерде баяу жүргізіліп отырғаны айтылды. Сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы рейдтердің барлық елді мекенде бірдей деңгейде ұйымдастырылмай отырғаны атап өтілді. Санитарлық талаптар сақталмаған аумақтар фото-дәлелдер арқылы көрсетіліп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.
Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев тазалық жұмыстары үздіксіз жүргізілуі керектігін атап өтіп, барлық ауылдық округ әкімдеріне елді мекендердің санитарлық жағдайын тұрақты бақылауда ұстап, кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1262330?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version