КӨҢІЛДІ ЖАЗ – 2

Жарияланды:

Автор:

категорияда
19 шілде күні Қазалы ауданы әкімдігінің қолдауымен, Қазалы ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйытқы болуымен, Өркендеу ауылдық округі әкімі аппаратының «Жанкент ауылдық мәдениет үйі» мен Аранды ауылдық округіне қарасты «Қожабақы ауылдық мәдениет үйі» өнерпаздарының бірлескен ұйымдастыруымен Жеңіс саябағында «Көңілді жаз – 2» атты аудандық мерекелік концерттік кеш өтті.
Іс-шара «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының «ART уақыт» жобасы аясында ұйымдастырылып, «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаларын кеңінен насихаттауды мақсат етті.
Кештің басты мақсаты – Қазалы ауданы тұрғындарына ауыл өнерпаздарының шығармашылығын таныстырып, ұлттық өнерді дәріптеу, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлау болды.
Мерекелік кештің шымылдығын Қожабақы ауылдық мәдениет үйінің өнерпазы, жүргізуші Серік Жұлдызай ашып, кешті әсерлі әрі мазмұнды жүргізіп отырды.
Концерт барысында Қожабақы ауылдық мәдениет үйінің өнерпаз әншісі, ардақты әже Гүлжамал Ырзаева көрерменге «Қазалым» және «Үкілі қыз» әндерін тарту етті. Ал Жанкент ауылдық мәдениет үйінің өнерпазы Нұргүл Избамбетова «Аяулы ана», «Қызымын елдің, бақытын тапқан өнерден» әндерін орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Сондай-ақ Қожабақы ауылдық мәдениет үйінің өнерпаз аналары Гүлімхан Мінсізбаева «Ағажан Латифа», «Жақсы адамдар азаймасын» әндерін орындаса, Светлана Сұлтамұратқызы «Сен үшін» әнін әуелете шырқап, көрерменнің зор қошеметіне ие болды.
Жанкент ауылдық мәдениет үйінің атынан өнер көрсеткен Ануар Әлиев «Түрлі арман» және «Аман ба» әндерін орындаса, Қожабақы ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары Серік Жұлдызай «Жауап», Жадырасын Смағұл «Қызыл көйлек» пен «Тамшылар» әндерін орындады, аудан тұрғындарын қуанышқа бөледі.
Кеш барысында Жанкент ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Талап Мурзалиев те сахна төрінен көрініп, «Ана», «Жанкент жаңғырығы», «Гүлімсің» әндерін көпшілікке ұсынды.
Тағылымды іс-шараға қолдау көрсетіп, өз үлесін қосқан Қожабақы ауылдық мәдениет Үйінің басшысы Қаламқас Сәбитоваға алғыс білдіреміз.
Әсем ән мен әуезді күйге, көтеріңкі көңіл күйге толы мерекелік кеш көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Қос ауылдың өнерпаздарына аудан тұрғындары шынайы ризашылықтарын білдіріп, ыстық ықыласпен тарқасты.
Осындай тағылымды әрі мазмұнды мәдени шаралар ұлттық өнерді ұлықтап, ауыл мәдениетінің өркендеуіне серпін берері сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-orkendeu/press/news/details/1262740?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version