КОМИССИЯ ШЕШІМІМЕН 105 ТҰРҒЫНҒА ГРАНТ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Шымкент қаласында 2026 жылдың алғашқы легі бойынша  бизнес-идеяларды іске асыруға арналған business.enbek.kz порталы арқылы 435 өтінім қабылданды.

 Грантқа үміткерлер өз бизнес-жобаларын комиссия алдында қорғады. Бағалау барысында комиссия мүшелері жобалардың өміршеңдігіне, нарықтағы сұранысына, үміткерлердің осы саладағы тәжірибесіне және жаңа жұмыс орындарын құру мүмкіндігіне басымдық берді.

 Комиссия құрамына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, кәсіпкерлер, жоғары оқу орындарының ғалым-оқытушылары, сондай-ақ, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мамандары енді.

 Комиссия шешімімен 105 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант тағайындалды. Қазіргі таңда грант иегерлерімен Еңбек мобильділігі орталығы арасында келісімшарт жасау жұмыстары жүргізілуде.

 Биыл мемлекеттік грант көлемі 400 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) немесе 1 730 000 теңгені құрайды.

 Мемлекеттік қолдауға ие болған азаматтардың әлеуметтік санаттары төмендегідей:

Көп балалы отбасылар – 50 адам;

Еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар – 34 адам;

 Ерекше балаларды тәрбиелеп отырған адамдар – 14 адам;

Асыраушысынан айырылғандар – 7 адам.

 Грант иегерлерінің бизнес-жобалары әртүрлі саланы қамтиды. Оның ішінде қызмет көрсету саласы – 31 жоба, өндіріс саласы – 20 жоба, кондитерлік және нан өнімдерін өндіру – 19 жоба, мал және құс шаруашылығы – 10 жоба, тігін өндірісі – 10 жоба, жартылай фабрикат өнімдерін шығару – 9 жоба, жиһаз өндірісі – 2 жоба және басқа да  бағыттар бойынша 4 жоба қолдау тапты.

 Айта кетсек, мемлекеттік гранттар әлеуметтік әлсіз топтарға жататын жұмыссыз азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдегі шағын бизнестің дамуына серпін беруге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1262250?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version