Маңғыстау облысы ТЖД спортшыларында өрт-құтқару спортынан ҚР ТЖМ Кубогында алтын, күміс және қола бар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

            2026 жылғы 13-17 шілде аралығында Қостанай облысындағы “Затоболец” стадионында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ерлер мен әйелдер арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша кубогына ІХ турнирі өтті.

         Турнирге 2025 жылы 15-17 шілде аралығында өткен жазғы чемпионатының қорытындысы бойынша іріктелген еліміздің ең үздік 12 ерлер және 10 әйелдер командасы ҚР ТЖМ кубогі үшін бақ сынайды

         Жарыстың бірінші күні шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 4-ші қабатына көтерілу бойынша Маңғыстау облысының ерлер құрама командасы 3-ші орынға иеленді. Соның ішінде облысымыздың спортшысы Қонысбаев Абай бірінші күннің үздік уақытын көрсетті 13.88 секунд және финалға өтіп 1-ші орынға иеленді 13.80 секунд

         Жарыстың екінші күні кедергілері бар 100 метрге жүгіру бойынша әйелдер арасында спортшымыз Реджеметова Ситора ең үздік уақыт көрсетіп финалда 1-ші орынға ие болды.

Екі күннің қорытындысы бойынша Реджеметова Ситора қос сайыста 2-ші орынға ие болды.

         Жарыстың үшінші күні өрт сөндіру эстафетасында Маңғыстау облысының әйелдер құрама командасы 1.04.87 уақытта жүгіріп өтіп 3 ші орын алды, команда құрамында Жумакова Саним, Май Мария, Реджеметова Ситора, Мусина Сабира.

Маңғыстау облысы ТЖД

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1262622?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version