2026 жылғы 22 шілдеде Мақаншы ауданы Қаратұма ауылдық округі активінің кеңесі өтті, онда Мақаншы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қожақов Нұртөлеу Мамытқанұлы сайланған әкім Жұмажанұлы Жарқынға куәлік табыс етті.
Мақаншы ауданы Қаратұма ауылдық округі тұрғындарының тікелей сайлауы нәтижесінде әкім лауазымына сайланған Жұмажанұлы Жарқын 2026 жылғы 21 шілдесінен бастап өз міндеттерін ресми түрде атқара бастайды.
Жұмажанұлы Жарқын 1991 жылы 3 тамызда Семей облысы Мақаншы ауданы Благодарное ауылында дүниеге келген.
Шамамен 10 жыл «Жандос» шаруа қожалығында басшы болды. 2023 жылы наурыз айынан бастап сайлау сәтіне дейін Мақаншы ауданы Келдімұрат ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-makanshy/press/news/details/1262305?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау