МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Арыс қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында кала әкімінің аппараты басшысы, әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай ақ, «Ойын бизнесі туралы» заңға сәйкес құмар ойындарға, бәс тігуге немесе интернет арқылы ұйымдастырылатын ойындарға қатысуға қатаң тыйым салынатыны ескертіліп, мұндай әрекеттердің жауапкершілігі мен теріс салдары айтылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері және мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауға түсіндірілді.

Бұдан бөлек, қызметтік автокөліктерді қызметтен тыс уақытта, сенбі, жексенбі демалыс және мереке күндері жеке мақсатта пайдаланбауы тиіс екендігі туралы қатаң ескертілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1262859?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version