Мониторинг жүргізу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 22 шілдесінде департамент басшысы Гүлнар Темірболатқызы Таласбаева мектептердің оқу жылының басталуына дайындық бойынша мониторинг жүргізу шеңберінде Тимирязев ауданының Степная орта мектебінде болды.
2026-2027 оқу жылына 1 сыныпқа балаларды қабылдау жұмыстары жүргізілуде. 22 шілдедегі жағдай бойынша 6 өтініш қабылданған. Мектеп педагогикалық кадрлармен 96% – ға жасақталған, мектептің шағын орталығына тәрбиешінің бос орны бар екендігі анықталды, хабарландыру Enbek.kz порталына берілген.
Сондай-ақ, департамент басшысы балалардың қауіпсіздігі, санитарлық тораптармен қамтамасыз ету, нысанды жаңа оқу жылына дайындау, жылыту жүйесі, оқулықтармен қамтамасыз ету мәселелерін зерделеді.
Ағымдағы жылдың 11 маусымындағы жағдай бойынша интернет жылдамдығы 10 МБ/сек болған еді. Бұл мәселе «Қазақтелеком» АҚ мамандары арқылы шешілгені анықталды және визуалды тексеру кезінде Интернет жылдамдығы 99,95 МБ/сек құрады.
Департамент мектептердің мониторингі мәселесін тұрақты бақылауда ұстайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1262381?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version