Өскемен қаласында халықтың және шағын және орта бизнес субъектілерінің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған ауқымды білім беру семинары өтті. Іс-шара «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен BCC Live бірлесіп ұйымдастырылды. Семинар спикері ретінде қаржы сарапшысы Дмитрий Казанцев сөз сөйледі.
Семинардың негізгі мақсаты – азаматтардың жеке және кәсіпкерлік қаржысын тиімді басқару дағдыларын дамыту, қаржылық жоспарлау мәдениетін қалыптастыру және қаржылық шешімдерді саналы қабылдауға ықпал ету.
Кездесу барысында күнделікті өмірде де, кәсіпкерлік қызметте де маңызды саналатын өзекті тақырыптар жан-жақты талқыланды. Қатысушылар жеке және отбасылық бюджетті жоспарлау, кіріс пен шығысты тиімді басқару, қаржылық қауіпсіздік қорын қалыптастыру, жинақ жасау, зейнетақы аннуитетінің ерекшеліктері, инвестициялаудың қауіпсіз жолдары, қаржылық алаяқтықтан қорғану тәсілдері және шамадан тыс қарыз жүктемесінің алдын алу жөнінде пайдалы ақпарат алды.
Семинар ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушыларға өздерін толғандырған сұрақтарын сарапшыға тікелей қоюға, нақты өмірлік жағдайларды талқылап, тәжірибелік кеңестер алуға мүмкіндік берді.
Іс-шара соңында қатысушылардың белсенділігі мен білімін бағалауға арналған интерактивті байқау ұйымдастырылып, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды.
Семинар қала тұрғындары мен кәсіпкерлер қауымдастығы тарапынан жоғары қызығушылыққа ие болды. Мұндай білім беру бастамалары қаржылық мәдениетті нығайтуға, жауапты қаржылық мінез-құлықты қалыптастыруға және жеке әрі кәсіпкерлік қаржыны тиімді басқару дағдыларын дамытуға зор үлес қосады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1262503?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау